Тарих география пән бірлестік мұғалімдерінің қатысуымен Кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолын көрсетеді
«Шаян» мектеп-лицей» КММ –сінде 09.12.2025ж күні тарих география бірлестігінің ұйымдастыруымен 08.12.2025-12.12.2025ж аралығында Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты апталықтың жоспарына сәйкес 9-10 сынып оқушылармен тарих география пән бірлестік мұғалімдерінің қатысуымен Кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолын көрсетеді» тақырыбында дебат болып өтті. Оқушылар позиция таңдады 1-ші үкімет тобы 2-ші оппозиция тобы болып екіге бөлінді. Жүргізуші қатысушыларды дебат ережесімен таныстырып өтті. Ойын ережесі: лидер 3мин 1-ші Спикер 4мин 2-ші Спикер 5 мин уақытты тиімді пайдалану лидерлердің қорытынды сөзі Бағалау шкаласы: Тақырыптың өзектілігі 3 балл Дәлелденуі 3 балл Маңыздылығы 3 балл Салыстыру 1 балл Ескерту : уақыттан асып кетсе 1 балл кемітіледі. Қазақ тілінен басқа тілде сөз сөйлесе 1 балл кемітіледі. Үкімет тобының лидері Досан Ақерке өз позициясын айқындады ребатл болған жоқ оппозиция тарапынан сұрақ қойылмады. Оппозиция тобының лидері Қуанышбек Қарақат сөз сөйледі үкіметтің позициясын құлата алмады. Үкіметтің 1-ші спикері Қалауов азамат сөз алды ребатл болды уақытты тиімді пайдалана алмады. Оппозицияның 1-ші спикері Сағынбай Балнұр сөз алды ребатл болды Қалауов Азаматтың құрған аргументтерін құлата алды. Сұрақтарға тиімді жауап берді. Үкіметтің 2-ші спикері Дәулетханқызы Малика сөз алды уақытты тиімді пайдаланды қосымша сұрақтарға топ болып жауап берді. Оппозицияның 2-ші спикері Болат Бота аргумент келтірді уақытты тиімді пайдаланды. Әділ қазылар алқасының шешімімен Үкімет тобы 12 ұпаймен жеңіске жетті . Тарих және құқық негіздері пән мұғалімі Ж. Махаш
|

