: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
#Біртұтас_тәрбие"Шаян" мектеп- лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бірлескен жоспарға байланысты 2023 жылдың 10 қазан күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Молдабекова «Полицияның жас көмекшілері» дружинасының жетекшісі М.Патсаевтардың ұйымдастыруымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандық полиция бөлімінің уақытша тұрақталған тұлғаларды ұстау камераларына бару жұмыстары ұйымдастырылды. Мақсаты : Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі. Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы екендігі түсіндірілді |