"Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында " аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында " аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу
16
февраль
2024

"Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында " аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу

#Біртұтас_тәрбие Шаян"мектеп-лицей" КММ-де 2023-2024 оқу жылының 29 қыркүйек күні "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында " аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу өтті.  Кездесудің мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиынды аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Алдамжаров Өскен Қосыбайұлы ашып беріп, мектеп директоры Амизов Даулет құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстар және оқушылардың жетістігі туралы баяндама оқыды. Өз сөзінде мектебміздің аудандық білім, ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерімен және орталық ауруханамен бірлескен жоспарларымен бөлісті. Біртұтас тәрбие бағдарламасын қолдай келе,  оқушыларды ар-ұят, талап, ұлттық мүдде құндылықтарын бойына сіңіруге шақырды. Мәди Мұратбекұлы кездесу барысында  кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіз жағдайларға қоғамның назарын аудару мақсатында мектеп әкімшілігімен және 9-11 сынып оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.     Оқушыларға заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыру, қазіргі заманда өзекті мәселе екеніне тоқталды. Жарыс сөзге аудан әкімінің орынбасары Берік Нұрғалиұлы,     полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Сержан Сағынбайұлы шығып, отбасы жағдайында қадағалауды қажет ететін, сабаққа қатыспайтын оқушылардың отбасымен жұмыс жүргізу,  жасөспірімдердің автокөлік жүргізуін үзілді-кесілді тоқтату және ерте жүктілікті болдырмау туралы айтып өтті. Жиын барысында тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, кездесуге келген қонақтар бала құқығы туралы айта келіп, құқық бұзушылық туралы оқиғалардан мысал келтіріп оқушыларға кеңестер беріп,ойларымен бөлісті. Оқушылар кездесуден өздеріне  пайдалы көптеген мәліметтер алды, өз ұсыныстарында білдірді .Кездесу жоғары дәрежеде өтті.