"Тәуелсіздік- тұғырым" атты тақырыпта тарих- география пән бірлестігінің апталығы
"Шаян "мектеп- лицей " КММ - де "Тәуелсіздік- тұғырым" атты тақырыпта тарих- география пән бірлестігінің апталығы барысында география пәнінен 10 сыныптар арасында "Дарындылар додасы "атты интеллектуалдық сайыс өтілді .Сайыстың мақсаты: жаңаны білуге қызықтыру; картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;тез ойлана білуге үйрету; географиядан алған білімдерін өмірде қолдана білу. Сайыс 7 -кезеңнен тұрды.1".Ия, Жоқ" ойыны, 2.Мені анықта" Саяхатшылар мен зерттеушілер", 3 "Елтану ойыны ;4."Қара жәшік " 5."Бұл қай ел".6."Географиялық термин "7."Ойлы болсаң ,озып көр."Сайыс барысында оқушылар "Дарындылар", "Тапқырлар" және "Алғырлар" деп 3 топқа бөлінді.Өздерінің кезеңдер бойынша шапшаңдықтарының,білімдерінің арқасында "Алғырлар" тобы 106 ұпаймен "Дарындылар додасының" жеңімпазы атанды. |