Шаян көп салалы лицей-жалпы орта мектебінде 5 сынып оқушылары арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында іс-шара өткізілді. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да, қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. «Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы». Туған тіліміздің мол нәрін, сөздік қорын сауатты пайдаланып, өзге тілді өз қажетімізге жарата аламыз деп сенемін. Тәуелсіз қазақ елінің, жалынды жастарының өрісі кең болсын! Бұл сайысқа «Жалын» тобы, «Бәйтерек» тобы, «Тапқырлар» тобы, «Зерде» тобы қатыстырылды. Сайысымыздың мақсаты: 1. Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту. 2. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін көтеру. 3. Сөздерді орынды қолдана білуге білімдерін байқап, дамыту. Ана тілім-арым, нәрім, қуатым, Сенсің менің жан сырымды ұғатын. Өзің барда ұлтым ұлы ел аман, Шағың келді биіктерге шығатын. Сайсымыз 7турдан тұрады: Сәлемдесу,Сөз қаруы-ой, «Қанат қақты», «Тапқыр болсаң тауып көр»,«Сен білесің бе?»,Сөз тапқанға қолқа жоқ, Кім біледі? Оқушылар өз білімдерін, өнерлерін ортаға салды. «Айгөлек» би тобы мың бұра билеп, өнерін көрсетті. Сайыс өте тартымды өтті. Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім, Абай, мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым дара тілім. Бүгінгі «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты сайыста жақсы өнер көрсетіп, 5 «Ә» сынып «Тапқырлар» тобы 1-орын, 5 «А» сынып «Зерде» тобы 2-орын, 5 «Б» сынып «Бәйтерек» тобы 3-орын иеленді. 5 «В» сынып «Жалын» тобы мен «Айгөлек» би тобы белсене қатысқаны үшін мақтау қағазына ие болды. Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. Үйірме жетекшілері: «Көркем сөз» үйірме жетекшісі Г.Утебаева «Шешендік өнер» үйірме жетекшісі М.Сеитбекова
 
|