29
март
2022
«Қартың болса, жазып қойған хатпен тең»
«Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мектебінде Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, «Халықаралық қарттар күніне» орай педогог ұйымдастырушы А.Кумекова мен мектеп тәлімгері А.Орынбасар «Қартың болса, жазып қойған хатпен тең» тақырыбында ардагер қариямыз ауданымызға еңбегі сіңген Сұлтанбеков Жаппар атамыздың отбасына барды. Кезесуде 5 «а» сынып оқушылар атамыздың отбасын халқаралық қарттар күнімен құттықтап жылы лебіздерімен жыр шумақтарын арнады. Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін деген жылы лебіздерін жеткізді.

