«Үлгі болу қызмет етудің тиімді жолы» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2022

«Үлгі болу қызмет етудің тиімді жолы»

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті бөліміне қарасты Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде  11.02.2022ж  күні  ұстаздар  арасында  «Үлгі болу қызмет етудің тиімді жолы»  тақырыбында  мектеп психологтары  тимбилдинг  өткізді.
Мақсаты:  Ұстаздар арасында өзара қарым қатынасты нығайту,  оқушылардың  қабылдау каналдарымен  біріге жұмыс жасап,  ақпаратты тез және  оңай қабылауына ықпал жасау.
Оқушылар, ата- аналар жалпы жеке тұлғалар ұстаздың әр сөзінен,  әр ісінен,  іс -қимылынан  шабыт алады.  Тәрбиенің  біршама бөлігін  балалар ұстаздардан алады,  сондықтан ұстаздар әрбір баланы жігерлендіре  білу керек.
Оқушылармен қарым қатынас орнатуда мұғалім балалардың  типологиясын білу міндетті.
Бұл міне ағылшын ғалымы Мильтон Эриксонның типологиясы мен әдісі.  Оқушыларды осы үш топқа  бөлу арқылы  негізгі қабылдау каналдарын анықтауға болады екен.
Визуал - ақпараттың көп бөлігін көзімен қабылдайтын адамдар.
Аудиал - негізінен есту жолдары арқылы ақпарат алатындар.
КИНЕСТЕТИК - ақпараттың көп бөлігін басқа сезімдер арқылы (иіс сезу, жанасу және т.б.) және қимылдар көмегімен қабылдайтын адамдар. 
Ақпаратты қабылдау үшін каналдар қаншалықты айқын  болса, соғұрлым оқыту процесі тиімді болады.