11
апрель
2022
Балаңыздың темперамент типін білесіз бе?
Баланың іс-әрекетіне қарап-ақ оның қандай отбасында өскенін аңғару қиын емес. Өйткені баланың ес білгеннен қалыптасатын характері «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсіңге» саяры сөзсіз. Отбасының балаға жасаған ықпалы қандай болса, бала бойында да сондай мінез қалыптасады. Бұл турасында тәжірибелі педагоктар мынадай ой айтады: «Ата-ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға». Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмайтын, сырласа білмейтін ата-аналар «екеуіміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді. Баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес.
Баламен қарым -қатынасты дұрыс орната білу үшін баланың бірінші темперамент типіне назар аударуымыз керек. Сіз балаңыздың темперамент типін білесіз бе? Жалпы темперамент дегеніміз не?
Темперамент дегеніміз баланың жүйке жүйесінің тума қасиеті. Оны өзгертуге болмайды, өзгертеде алмайсыздар. Жалпы төрт тип болады.
Сангвинг, флегматик, холерик, меланхолик.
Сангвинг типтегілер өте көңілді жүреді, тез тіл табысқыш, сыныпты алға сүйрейтін, еш нәрседен қорықпайтын үнемі көтеріңкі көңіл күймен жүреді. Қозғалыс қимылдары мәнерлі шапшаң.
Флегматик Флегматик балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады. Олардың психикалық үрдістері жай, бірсарынды жүреді. Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетте баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бұл типтегі балалар сабақты жаксы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық анғартады.
Холерик Холериктердің сезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. Олар күйіп-пісу, тез қозғалғыштық, әруақытта да іс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез, жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі.
Бұл типтегі балалар өте белсенді. Олар жігерлі, қызу қанды, кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледі.
Меланхолик темпераменті жай, бірақ күшті және тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхолик типіндегі адамдар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Олар іс-әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бұл типтегі балалар көбіне тұйық келеді, ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес, жаңа адамдармен карым-қатынас жасауы қиын. Олар коғамдық жұмыстарға қатыспайды, ондай балалар өзімен-өзі болғанды жақсы көреді.
Мен кейбір ата -аналардан есітіп жатамын мен баламмен тіл табыса алмай жатырмын, қырсық болмаса менің дегенімді жасамайды деген сияқты. Сондықтанда баламен жақсы қарым- қатынасқа түсу үшін темперамент типіне мән беруіміз қажет екен.
Холерик балаларды үнемі ата аналар сабырға шақырып, басу айтып отыруымыз қажет. Өйткені олар көп жағдайда ойланбай әрекет жасайды. Үнемі оларды сабырға шақырып іс- әрекетін бақылап отыруымыз қажет.
Меланхолик балалар тез ренжіп қалғандықтан оларға үнемі мақтау, мадақтау сөздері қажет. Ата- аналар оларды үнемі қолпаштап, қолдап отыру керек.
Флегматик балалар іс- әркетте еш асықпайды. Оларды бол- бол деп асықтырудың қажеті жоқ. Олар істі асықпай жүріп тындырады.
Сангвинг балалар шапшаң қимылдап барлығының көңілінен шыққанымен, көп іс- әрекетте өтірік айтады.
Міне құрметті ата- аналар балаларымызбен қарым -қатынас барысында осы төрт темперамент типіне назар аударғанымыз жөн екен.