Баланың өтпелі кезеңінде ата-ана қолдауы! » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
апрель
2022

Баланың өтпелі кезеңінде ата-ана қолдауы!

Ендігі  мәселе  жасөспірімде  кездесетін  өтпелі  кезең ( переходной  возрост)  Өтпелі  кезең  балада  әр балада  әр қалай  12-13 , 16-17  жас аралығында жүреді. Өтпелі  кезеңде  балаларда  өзіндік  мені  пайда  болады,  мен ересек  болдым,  мен  өз  бетімше  шешім  қабылдай  аламын,  өз  бетімше  сұранбай  бір  жерге  бара  аламын   сөйтіп  ата анасынан  ұрыс  естіп,  таяқ  жеп  жататын  кезі  болады.  Бір ұрыс  естиді,  екі ұрыс  естиді,  үш  ұрыстан  кейін өзі  шешім  қабылдай  алмайтын  күйге  жетеді. Балада  өтпелі  кезең  жүріп  жатқанда,  өзіндік  мені  қалыптасқанда  жаймен  түсіндіріп,  төзімділікпен,  сабырлылықпен  қолдау  көрсету керек.  Оған  ұрсып тастауға,  ұрып  тастауға  мүлдем болмайды.
Келесі  мәселе  өтпелі  кезеңде  физиологиялық  процесс  (жыныстық  мүшенің  дамуы)  жетіліп  жатқан  кезде  баланың  еркінен,  санасынан  тыс  шаршау,  әлсіздік  пайда  болады.  Жатқысы  келе  береді,  шуды  жақтырмайды, оңашада  болғысы  келеді,  үлкендердің  сөзін   жақтырмайды,  қабағын  шытып  жүреді.  Осы  кезде  ата ана  сөйлей  бастайды,  тұрмайсыңба  жата  бермей,  жұмыс  жасамайсың ба,  осы  нәрсе  шегіне  жеткен  кезде  олар  сөз  қайтара  бастайды.  Мектепте  мұғалімге,  үйде  ата анаға  себебі  ол  шаршап  тұр  ештеңені  жақтырмайды.  Себебі  мына  үлкен  процесс  оны  қинап  жатыр.  Сөз  қайтарғаннан  кейін  ата -ана  тағы  айтады  сен  сөз қайтардың ба,  кісі  болып  қалдың ба  деп  тағыда  жынына  тиеді . Міне  осы  кезде  ата- ана  білу  керек  физиологиялық  процесс  жүріп  жатқанда  балаға  түсіністікпен  қарап  оған  қолдау  көрсету  керектігін.    Баланың  бойында  екі  мотив  жұмыс  жасайды  сыртқы  және  ішкі мотивтер.  Ішкі  мотив  ол  өзінің  сезімдері,  ішкі  күш  жігері жалпы  ішкі  мотив балада сан  түрлі құбылып  тұрады,  іштей  арпалысады  менің  қолымнан келеді, менің қолымнан келмейді деп. Ал сырты  мотив  ол  сіздер,  біздер,  достары егер  сыртқы  мотивтен  қолдау  сезінбесе  ішкі  мотив  құлдырауы  мүмкін.  Содан  баланың  бойында  сенімсіздік мен  қорқыныш  ұялауы  мүмкін.
«Бала сіздің іс әрекетіңізді қайталайтын  нысан!»