«Буллингпен кибербуллингке жол жоқ» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
март
2022

«Буллингпен кибербуллингке жол жоқ»

Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында 20-25.2021 ж күндері аралығында «Буллингпен кибербуллингке жол жоқ» тақырыбында апталық ұйымдасырылды. Бүгін яғни 20 қыркүйек күні апталықтың ашылуы болды.Санитарлық талапты сақтап ар сыныпқа жеке жеке өткізілді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік қолдау және азаматтардың мүддесін қорғау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Әсіресе, Президент балалар қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуы мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керектігін айтып өтті.

Буллинг термині (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Жасөспірім үйде, мектепте, немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген жасөспірім баланың басында болатын жағдай.

Ал кибербуллинг термині – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.

Кез келген сыныпта біреуді ренжіткенді, мазақтағанды, қол жұмсауды, тіл тигізгенді, олардың ақшасы мен заттарын тартып алғанды жақсы көретін балалар болады. Басқаларға қарағанда тәртібі нашар оқушылардың, ренжіткендердің жиі құрбаны болатын оқушылар бар.

Ұлдар мен қыздар қудалаудың әр түрін пайдаланады. Егер ұлдар көбінесе физикалық (теуіп жіберу, итеріп жіберу, т. б.) түріне бейім болса, қыздар қысымның жанама түрлерін (өсек тарату, қарым-қатынас шеңберінен шығарып жіберу) пайдаланады.

Көбінесе мектеп ұжымының қалыптасу құрылымы мен деңгейіне байланысты. 10–12 жастағы ұлдарда буллинг оқу жылының басында қатты көрініс береді, ол кезде олар топтық иерархиядағы орын үшін таласады; кейінірек бұл процесс аяқталғанда және иерархия қалыптасы әлсірейді.

Осындай теріс әрекеттерді болдырмау үшін оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өз құқықтарын қорғауға, батыл әрі табанды болуға, кез келген жағдайда көмек сұрауға, жасырып қалмауға кеңестер берілді.