Баламен қарым- қатынас құру құпиясы!
Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартысына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр.
Ата ана Дисфункционалды және функционалды ата ана болып екіге бөлінеді екен.
Ата ананың функционалды әрекеті балаға қамқор болу, қолдау көрсету.
Дисфункционалды ата ана режимі барлық іс әрекетті айқай шумен, күш көрсетумен бір сөзбен айтқанда балаға зиян келтіру. Ата ана баланы көп сынға алады, қорғай алмайды.
Ал енді қарайық көбінесе бала іс әрекетінде теріс қылық болса баланың өзіне ұрсып, дөрекі сөз айтып жатамыз ( сенің қолыңнан ешнәрсе келмейді, сен үнемі осындайсың, жұрттың баласын қарашы ) деген теңеулер кетеді. Кешірерсіздер сіздер баланың құқығына қол сұғуға хақыларыңыз жоқ. Өмірде қарапайым қателіктер жіберіп жатасыздар. Баланың өзін емес, іс әрекетін, мінез құлқын сөгуге тырысыңыздар.
Мысалы балам сені жақсы көремін, осы қалпыңда қабылдаймын, сен менің тірегімсің, бірақ мына іс әрекетің дұрыс болмады деп түсіндіру керек. Баланың қателесуге құқығы бар. Бала мінсіз болуға міндетті емес. Балалық кезде қаншалықты қателессе, болашақта соншалықты дұрыс шешім қабылдайды.
«Бала сотқар, бұзық болса оған бала кінәлі емес, оған тәрбиешісі кінәлі!»
