Жақсы ата-ана болуды үйренеміз!
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар !
Баланың ыстық суығына күйінбейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар сірә. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өседі, бойын түзейді. Мектепте балаға білім, тәрбие беретін тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
Бала өскен сайын талаптары да күшейеді, өзгереді демекші сіздің қаруыңыз тәрбие және псиологиялық біліміңіз. Баланың көзімен мен қандаймын? Деген сұраққа жауап іздеп көрейікші. Жүрек бізді ешқашан алдамайды. Егер сіздің бойыңызға бірден қуаныш ұяласа демек сіз керемет ата анасыз. Ал күдік ұяласа бірнеше сұрақтар қою арқылы себебін анықтауға болады.
1.Мен не сезіп жатырмын?
2.Не себепті осыны сезініп жатырмын?
3.Мен не істеуім керек немесе өзгеруім үшін қандай ресурстар керек?
Міне небәрі 3 сұрақ қою арқылы өзіңізге қажетті жауапты ала аласыз.
Ең бастысы сіз өзіңізге қанағаттануыңыз керек.
Отбасында әрбір бала ата ана мейіріміне бөленсе, демек ерекше болатыны сөзсіз. Ал елеусіз қалған, назардың жетіспеушілігінен бала өсе келе өтпелі кезеңге жеткен кезде арлық мәселелер жинақталып, сорпаның көбігі сияқты сыртқа шығады. Дәл осы сәтте сізге деген сенімділігі жеткіліксіз болса, қолдауды міндетті түрде құрбыларынан, достарынан іздейді. Осы сәттен бастап ата ананың билігі бала алдында жәймен төмендей бастайды.
Сіз өзіңіз қандай- ата анасыз жоғарыдағы үш сұрақты ойша өзіңізге қойып тексеріңіз.