9 “а” сынып ата-аналарының қатысуымен мазмұнды әрі пайдалы тренинг сабағын сынып жетекші Кумекова Аигулдің ұйымдастыруымен өткізілді.
Бала қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты алаңдаушылығы. 2026 жылғы 22 қаңтар күні «Шаян» мектеп-лицейінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (АПҚО) аясында 9 “а” сынып ата-аналарының қатысуымен мазмұнды әрі пайдалы тренинг сабағын сынып жетекші Кумекова Аигулдің ұйымдастыруымен өткізілді. Тренинг барысында ата-аналар: 📋 арнайы сауалнама толтырып, бала тәрбиесіне қатысты өз көзқарастарын білдірді; 💬 ситуациялық сұрақтар арқылы нақты өмірлік жағдайларды талқылады; 🧠 жасөспірім кезеңіндегі қауіпті және қауіпсіз мінез-құлық белгілерін ажырату жолдарын қарастырды. Кездесудің басты мақсаты – ата-аналарға баланың қауіпсіздігі мен эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі өз рөлін терең түсіндіру, баламен ашық қарым-қатынас орнатудың, тыңдай білудің маңызын көрсету болды. Тренингтің басты өзегі – ✨ баланы айыптамай тыңдай білу, ✨ түсіну мен қолдаудың маңызын сезіну, ✨ ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту. 👨👩👧👦 Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Баламды қалай қорғаймын?» деген сұраққа нақты жауаптар іздеді. Ашық пікір алмасу, ой бөлісу – кездесудің ең құнды тұсы болды. Талқылау барысында ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, балаға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерімен бөлісті. Тренинг ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін пайдалы практикалық қорытындылар жасалды. Осындай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына өз үлесін қосады. #АПҚО #АтаАнаҚолдауы #БалаҚауіпсіздігі #ШаянМектепЛицейі #СенімдіҚарымҚатынас #ТәрбиеліҰрпақ
![]() ![]() |

