«Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі — сенім мен жеке шекараға құрмет» тренинг » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі — сенім мен жеке шекараға құрмет» тренинг
29
апрель
2026

«Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі — сенім мен жеке шекараға құрмет» тренинг

"Шаян"мектеп-лицей"КММ-де 11 желтоқсан 2025 жыл 6 «Б»,9 «А»,9 «Ә»,9 «Б»,9 «В» сынып жетекшілері А.Ергешова, А.Кумекова, А.Құралбек, М.Сейтбекова «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналарға арналған «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі — сенім мен жеке  шекараға құрмет» тренинг сабағын өтті. 

 Мақсаты: ата-аналарға баланың жеке кеңістігін құрметтеу мен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызын түсіндіру.Тренингке мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Р.Қожамжарова мен ата-аналар комитетінің төрайымы Ормаханова Мейрамкүл қатысты. Тренинг барысында сынып жетекшілер ата-аналарға “Жеке шекара” ұғымы: Шекара дегеніміз не? (Физикалық, эмоционалдық, уақыттық, цифрлық) ұғымы туралы бірнеше мысалдармен ақпараттармен ой бөлісті.Ата-аналар «Сауалға-жауап»арқылы өз ойларын ортаға салды. Қалаусыз әрекеттерге, артық сұрақтарға немесе ұсыныстарға қарсы тұрудың әдепті, бірақ қатқыл жолдарымен     бөлісті. “Сенім” мен “Шекараны” қолданып, қалай әрекет ету керектігін талқылады.»Иә немесе Жоқ» Вебральды шекара ойыны арқылы Жағдаят сұрақтарға нақты жауап беру ұсынылды. Мұғалім жағдайды (кейсті) сипаттайды.

 Жағдай мысалы: “Сіз балаңыздың телефонын сұрап, оның ішіндегі жеке хаттарын оқуға рұқсат сұрадыңыз.Балаңыз «Жоқ» деді.“ЖОҚ” дегеннен кейін не істеу керек? (Қосымша түсіндіру, сыпайылықты сақтау)Тренингтің соңында «Сені танығым келеді»әдісімен ата-аналар өзінің сырт кескін кейпін сипаттап жазды.Үлестірген парақтарды жинап,араластырып қайта тарқатылады.Бұл ойын әркімнің өз қажеттіліктерін айту мен тыңдау арасындағы айырмашылықты түсінуге көмектеседі.Тренинг соңында ата-аналар комитетінің төрайымы Ормаханова Мейрамкүл жасөспірімнің өзін-өзі қорғауының ең басты құралы — бұл өзіне деген сенімділік және өз құқықтарын, әсіресе, жеке шекараларын қорғауға деген жауапкершілікті дұрыс түсіндіре отырып,балаға дұрыс бағыт беру керектігін ата-аналар назарына салды. Ата-аналар «Бір сөйлеммен” – Тренингтен алған ең маңызды ақпарат немесе әсерімен кері байланыс берді


https://www.facebook.com/share/p/1ARKUbqchk/?mibextid=wwXIfr