«Сен жанбасаң лапылдап...»
06.02.2024 жылы педагогикалық қолдау мақсатында 10-11сынып оқушыларың ата-аналарымен сынып жетекшісі А.Ергешова «Сен жанбасаң лапылдап...» балаға өз бейімділігін табуға қалай
көмектесуге болатындығы туралы дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:балаға мамандық таңдау кезінде қолдау көрсету.Баланың өз кәсібін іздеу кезінде баланы қолдау әдістері мен шарттары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету. Дөңгелек үстелде ата-аналарға мамандық таңдауға арналған «Қазақстандағы болашағы зор 23 мамандық» видео ролик көрсетілді.А.Ергешова бейнероликті түсіндіре отырып ата-аналармен және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Қожамжарова,мектеп психологі А.Жуандықова ата-аналар комитетінің төрайымы М.Ормахановалармен бірлесе отырып мамандық таңдауға кеңестерімен ой бөлісті.Дөңгелек үстелде ата-аналармен «Тілалғыш бала» жаттығуы жасалды. Сабаққа қатысқан ата-аналар екі топқа бөлініп, жас кезінде мамандық таңдағанда кездескен жағдайлар туралы айтып,ортаға ой тастады.Топта талқылау болды.
Мектеп психологі А.Жуандықова ата-аналарға көмек ретінде темпераментке қарап-ақ баланың қай салаға бейімі бар екендігін анықтауға болатындығын тиімді тәсілмен түсіндіріп өтті. «Сіздің мінез-құлқыңызға қай мамандық сай келеді?» деген тақырыппен темперамент түрлеріне сипаттама берді.Ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп,ата-аналарға психологиялық кеңестер берді.
Дөңгелек үстелде ата-аналарға арналған жаднама жасалды.Балаға мамандық таңдауда еркіндік беру керектігін. Мамандық таңдарда баланың жеке қасиеттерін ескеру керектігін басты назарда ұстаған абзал екендігін ескертті.Ата-ана ескеру керек жайттардан хабардар етті.
Сөз соңында ата-аналар комитетінің төрайымы М.Ормаханова өз пікірін білдіріп,ата-аналар тарапынан балаларға берілетін қолдау мен көмекке баса назар аудару керектігін айтып өтті.Дөңгелек үстелді М.Жұмабаевтың
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасаң лапылдап.
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ.
өлең жолымен тәмәмдады.Ата-аналар бүгінгі өткен тақырып аясында іс-шараға кері байланыс берді.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1125424835262972&set=pcb.1125424958596293&__cft__[0]=AZVP2YrWT8MIhSJOllfznJCyLEMyTxCJpAkIHvxt76uaLhi-wST7LwKxJfaCLQkNhPMYQpVt-CyLrHsdmAd3ecshfBms9ET0qC4KpK6LQtAfeXoRt_kKQGdfJ0Rr50fAk5OC06fGrIRKKCBwbZfalvrsowhT1ocGpjzI1TXRGAZmRA&__tn__=*bH-R