«Сенім арту-жетістік кепілі.Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?».
2023 жылдың 05 наурыз күні «Шаян» мектеп –лицей» КММ –де 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында тренинг өтті.Тақырыбы: «Сенім арту-жетістік кепілі.Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз?». Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу»
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: ата-аналардың баласына қандай да бір қиын жағдайда дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;
ата-аналардың қиын жағдайлардың түрлері және оларға тап болған балаларды қолдаудың тиімді тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту;
қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары толықтай қатысты.Тренинг сабаққа ата-аналармен бірге ДТІЖО –лары Р.Қожамжарова ,Н.Молдабекова ,педогог- психолог Н.Ауесханова қатысты.
Мазмұны:
1. «Социометрия» ширату жаттығуы.
2. Қиын жағдайлары бар кейстер.
3. Мәселе туындаса не істеу керек? Ата-аналарға арналған кеңестер.
4. «Чемпион картасы» чек-парағы.
5. «Жақсылықты бірге жасайық» жаңа қысқаметражды фильм.
6. «Мен не сезінемін?» жаттығуы
7. «Бас қатырғыш» эмоциялар туралы фильмді көруге арналған ұсыныстар
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып «Ой ұшқыры» әдісі арқылы бір –бірімен есімдерін қайталау арқылы танысады.
Ата - аналармен танысып, ашық түрде пікір алмасу болды.
«Социометрия» ширату жаттағуы ата-анларға балаларының қиын жағдайда қандай жолмен қолдау білдіретіні туралы ашық сұрақтар қойылып пікір алмасты.
Қиын жағдайлары бар кейстер «Бала мектепке пышақ алып келді» кейсі арқылы ата-аналардың ашық түрде ой пікірлері айтылып талқыланды.
Мәселе туындаса не істеу керек? Ата-аналарға арналған кеңестер берілді
«Серпілген доп» әдісі арқылы допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алынды.
«Чемпион картасы» чек-парағы арқылы ата-аналар постер қорғады.
Отбасында балаға берілетін ұлттық құндылықтар туралы ой- пікірлерін ортаға салып, топ бойынша жарыс ұйымдастырылды.
«Мен не сезінемін?» жаттығуын екі топ мүшелері баланың сыртқы эмоциясын көрсетіп бір топ келесі топтың көрсеткен эмоциясын тапты және ата-анларда талқылау болды .Сабақ соңында ата-аналар бүгінгі сабаққа рефлекция жасап,ата –аналар келесі сабақтардан қалмай ,белсене қатысатындарын айтып ,өз ризашылықтарын білдірді.
Егерде сіз үнемі баланы қолдап, қорғап отырсаңыз баланың өзіне деген сенімділігі, өзіне деген бағалауы артады. Міне баланы күшті, сенімді, табанды етіп тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда. Сіздер бақытты болсаңыздар балада бақытты. Бақытты отбасында бақытты бала өмір сүреді.
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1125427698596019&set=pcb.1125597898578999&__cft__[0]=AZX0-duDDGn_iqVVB_mjtuK_QhCczVZ8PGETejbLtJjLctTpff9IvbsRHkJTuHXqYd-U3ATXmZyeklKX9AN_esHBpRcDu-kXdkwt9CaadEjdH4mt3ZFnl-MkFCoGzwN6ozzKYd7KnIWA_mtrSiSnfOSzQziSzAfD6cvuE9S7kw6vnw&__tn__=*bH-R