«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі
19
февраль
2024

«Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі

#Біртұтас_тәрбие

#Ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы 2023 жылдың 10 қараша күні «Шаян мектеп -лицей» КММ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 10-11 сынып ата-аналары арасында тренинг болып өтті. Тренингті тарих пәнінің мұғалімі Тұңғатова Ақайша өтті.

Тақырыбы: «Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу» Тұлға адамгершілік құндылықтар негізінде өзін-өзі дамытудың нәтижесі ретінде.

Сабақтың мақсаты: ата-аналардың рефлексия және балалардың тәуелсіздігін қолдау дағдыларын дамыту. 

Ата-аналарды жоғары сынып оқушыларының өз өмірін өз бетінше құруға деген ұмтылысын қолдауға, дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ынталандыру, жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктерімен таныс болуға қызығушылық танытқан 15 ата-ана түгел жиналды. Тренинг сабаққа ата-аналармен бірге мектеп-лицей директоры Д.Амизов, ДОІЖО Д.Одаманова, ДТІЖО-лары Р.Қожамжарова, Н.Молдабекова, педагог-психологтар А.Жуандықова мен Н.Ауесханова, әлеуметтік педагог К.Әбішбековалар да белсене қатысты.

Ата-аналармен баланың дербес әрекеттерін қолдау ("Баланың дербестігі" сауалнамасы), баланың дербестігін қалыптастыру амалдары: "Сіздің балаңыздың портреті", "Жоғары сыныптағы балалардың дербестігін тәрбиелеу", "Отбасылық қабырға газеті", "Тепе-теңдік дөңгелегі" тапсырмалары және "Менің балам – тәуелсіз тұлға" жаттығулары орындалды. 

Нәтижесінде, сабақ соңында ата-аналар:  жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері туралы түсінігі қалыптасты,  балалардың дербестігін дамыту бойынша өз іс-әрекеттерін рефлексиялау дағдыларын дамыды,  балалардың дербестігін дамыту амалдарын меңгерді. Ата-аналар келесі сабақтардан қалмай қатысатындарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді