Білімдіге дүние жарық тақырыбында тренинг » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2024

Білімдіге дүние жарық тақырыбында тренинг

2024 жылдың 18 қаңтар күні «Шаян» мектеп –лицей» КММ –де 1-4 сынып оқушыларының

ат-аналарын педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында тренинг өтті.Тақырыбы: Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу.

Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу» Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары толықтай қатысты.Тренинг сабаққа ата-аналармен бірге ДТІЖО –лары Р.Қожамжарова ,Н.Молдабекова ,педогог- психолог А.Жуандықова қатысты.

Міндеттері:

1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;

2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;

3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;

4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.

Жоспар

• I. Сәлемдесу. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.

• II. Негізгі бөлігі.

• Баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік).

• Бастауыш сынып оқушыларындағы когнитивтік дағдылардың ерекшеліктері.

• Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасауын дамытуға арналған тренингтер бойынша ұсыныс.

• Қорытынды. Қорытындылау, рефлексия.

Ата-аналарға сәлемдесуге үлгі суреттер берілді. Ата-аналар өздері қалаган амандасу үлгісімен амандасып кірді. Амандасып болған соң түрлі –түсті конфетті таңдау арқылы топқа болінді. Қызыл, сары, жасыл түсті болып бөлінді.

Сыныпта жағымды ахуал орнатты. «Кофе, жұмыртқа, сәбіз» Ата-аналар суретті таңдау арқылы өздеріне мінездеме алады.

Балалардың темперемент типтерін таныстырып, бейне ролик көрсетті. Ө балаларының қай типке жататынын сұрады.

«Кірпі» жаттығуы. Әр топтан екі ата-анадан шығады. Ортада бір қыз бала шығып отырады. Қыз бетін жауып бүктеліп отырады. Ол қызды құлағына кезекпен жақсы сөздер айтады. Егер ата-ана кілт сөзді тауып айтса қыз басын көтеріп, күлетін болады. Қызды тұргызган ата –анаға сыйлық берілді

Топтық жұмыс жасалды. Топқа бір мақалдан беріліп, мақалдың мәнін топта талқылап, ортада қорғайды.

Визуал, аудиал, кинестетик типтегі балалардың дағдылары туралы айтып өтті

«Би терапиясы» бөлімінде Ортаға орындық қойып, отырып, ата-анала музыкаға ілесіп биледі.

Балалардан ата-анасына жаднама берілді. Шардың ішіне жасырылған жаднаманы ата-аналар ортаға шығып, шарды жарып алады және оқып есінде сақтап жүру үшін алып кетеді.