Баланың бас ұстазы – ата-ана. » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2024

Баланың бас ұстазы – ата-ана.

«Шаян» лицей-мектебі мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 5-9 сынып ата-аналарына педагогикалық қолдау орталығының жетекшісі Асан Сандуғаш бірінші сабағы өтілді. 

Сабақтың тақырыбы: Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін-өзі естірте білу. 

Сабақтың мақсаты: оку тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.

Сабақтың міндеттері: Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзіреттерін игеруге ынталандыру. Ата-аналарды позитивті ата-ана болудың мәнімен, қағидатымен, әдістерімен таныстыру.Ата-аналарға позитивті ата-ана болу дағдыларын игеруге көмектесу.

Сабаққа барлығы 25 ата-ана қатысты. Сабақ барысында позитивті ата-ана болу неге маңызды деген тақырыппен кіріспе бөлімі басталды. Барлық ата-аналардан позитиві ата-ана болу маңыздыма? Қандай маңыздылығы бар деген сұрақтарға жауап берді. Ата-аналар белсенді жауап берді. Жоспар бойынша негізгі бөлімде жасөспірімдер

дің жас ерекшеліктері, позитивті ата-ана болу ұғымының мәні сипатталды.

Ата-анамен әр түрлі тапсырмалар жасалды. Сұрақтар қойылды. Талқылау сұрақтары болды. Диалог жүргізілді. Ата-ананың барлығы позитивті болу үшін түрлі жағдайларды ескеру қажеттілігін түсінді. Сауалдар қойылып, түрлі жауаптарда негізделді. Сабақ ата-аналарға ұнады. Өз деңгейінде жақсы өтті. Келесі сабаққа ұсыныстарда түсті. Келесі сабақтарда қабылданған ұсыныстар орындалатындығы жеткізілді.