. «Ертегі – танымның көзі» тақырыбындағы интерактивті сабақ
01.12.2023ж, күні Түркістан облысы Бәйдібек ауданы «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де «Даналық мектебі» клубында «Әжелер мектебі» клубының №1 интерактивті сабағы болып өтті. «Ертегі – танымның көзі» тақырыбындағы интерактивті сабақты осы мектептің ұлағатты ұстазы биология пәнінің мұғалімі Есіркепова Айжан апай жүргізді. Интерактивті сабаққа мектеп бойынша 88 әжеден 46 әже қатысты. Қалған әжелер түрлі себептермен келе алмады. Сонымен бірге қонақтарымыз, Шаян ауылының әжелер төрайымы Ә.Әлиева, Бәйдібек ауданының «Қазақ аналары дәстүрге жол» ҚБ-нің төрағасы А.Әбубакирова, аудандық кеңестің мүшесі, «Домалақ ана» ҚБ-нің кеңесшісі, «Шаян» мектеп-лицей» КММ-нің ата-аналар комитетінің төрағасы М.Ормаханова және мектеп-лицей директоры Д.Амизов бастаған мектеп әкімшілігі қатысты. «Даналық мектебі» клубының қызметі білім беру ұйымының позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Клуб – бұл жұмыстың ең қолайлы формасы, өйткені ол қатысушылардың теңдігі тұрғысынан жұмысты қамтамасыз етеді және ата-аналар үшін даму ортасын құрудағы әлеуметтік тәсілдің артықшылықтарын барынша толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі интерактивті сабақтың мақсаты: әжелер мектебі арқылы ертегінің танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында ертегіні тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету. Интерактивті сабақта әжелер төрт топқа біріктірілді. Атап айтсақ: 1-топ: қиял-ғажайып ертегі 2-топ: хайуанаттар жайлы ертегілер 3-топ: тұрмыс-салт ертегісі 4-топ: заманауи ертегі Әжелер өз топтарында өте жоғары деңгейде белсенділік танытып отырды. Әр топ өз көшбасшыларын ортадан сайлап алды. Сабақты жүргізіп отырған модератордың әрбір сөзіне мән беріп мұқият жауап беріп, тапсырылған тапсырмалар мен әндерді қосылып айтып сабаққа деген қызығушылықтары артып, өте көңілді отырды. Сабақта әжелердің тәрбиедегі орны айқындалып, ертегі туралы не білеміз?, ертегі не береді? ертегі баланы дамыту құралы ретінде..., ертегілерді не үшін оқу керек және қалай оқу керек, оқитын адамға қандай дағдылар керек?, құндылығын жоғалтпаған ертегілер, заманауи ертегілер жөнінде айтарымыз бар ма? т.б сұрақтарға топтар жауап бере отырып, өздері де сол ертегілерді жеке-жеке айтып беріп, ертегі туралы білімдерімен, ой-пікірлерімен бөлісті. Нәтижесінде: Сабақ барысында 4 "Б" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Г.Байсыдықова хайуанаттар жайлы ертегілерінен үзінділер көрсетсе, ал мектеп кітапхана меңгерушісі Қ.Қонысова "Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы жөнінде түсіндірді. Оқушыларымыздың кітап оқу арқылы жеткен жетістіктерін айтып, шығармашылыққа баулу үшін өткізілген іс -шараларга токталып өтті. Әжелерімізді баланың кітап оқыганы, кітапқа жақын болганы ең алдымен ата-анаға, ата-әжелеріне керек екенін тусіндірді.Әжелерді немерелеріне ертегі оқытып, рухани бай болуға шақырды.Ертегінің танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып, отбасында ертегіні тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету әрбір әженің міндетінің бір бөлігі екендігі айқындалды. Сабақ соңында модератор Айжан апай қорытынды жасап, әжелерден кері байланыс пен келесі өтетін сабаққа ұсыныстарын «Даналық ағашына» стикерлерге жазып қалдыруларын өтінді. Сондай ақ келген қонақтарымыз, әжелеріміз сабақтың ұнағанын айтып, көп нәрсе үйренгендерін, алдағы уақытта өз міндеттерінің ішіне «Ертегі айту арқылы немерелерін тәрбиелейміз»- деп, мектепке өз ризашылықтарын білдірді. Интерактивті сабаққа келген барлық қонақтар мен әжелерге мектеп-лицей директоры Д.Амизов өз алғысын білдірді. Дайындаған: Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшісі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қожамжарова.Р.С |