"Бала - біздің болашағымыз" тақырыбындағы жалпы ата-аналар комитетінің жиналысы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бала - біздің болашағымыз" тақырыбындағы жалпы ата-аналар комитетінің жиналысы
19
февраль
2024

"Бала - біздің болашағымыз" тақырыбындағы жалпы ата-аналар комитетінің жиналысы

#Біртұтас_тәрбие

#Атааналаржиналысы 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы «Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 21.12.2023ж күні "Бала - біздің болашағымыз" тақырыбындағы жалпы ата-аналар комитетінің жиналысы болып өтті. 

Жиналысқа қатысуға тиісті 1-11 сыныптар бойынша ата-аналар комиттетері қатысты. Сонымен бірге мектеп-лицей директоры Д.Амизов, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы М.Ормаханаова, Шаян ауылдық әжелер кеңесінің төрайымы Ә.Әлиева, мектеп әкімшілігі қатысты.

Жиналыс барысында, МДТІЖО-лары Н.Молдабекова мен Р.Қожамжарова күн тәртібіндегі Жаңа жылдық мерекені өткізу, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мереке қарсаңында мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналар тарапынан ұйымдасқан түрде сыйлық ұсыну жағдайларын болдырмау мәселелері бойынша Бәйдібек ауданы білім бөлімінің 20.12.2023жылғы №326 санды хатын таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жаңа жылдық шырша шараларына аниматорларды жалдауға, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, жасөспірімдер арасында қылмыс пен бұзушылықтың алдын алу және отбасындағы тәрбие бойынша мәселелер қаралып, талқыланды.

Жиынға келген барлық ата-аналарға ұжым атынан алғыс білдіреміз!