09
декабрь
2024
“Ата - аналарды педагогикалық қолдау” жобасы аясында “Уақытты басқару және өзін - өзі ұйымдастыру” тақырыбында ата - аналар жиналысы болып өтті
#БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ “Шаян” мектеп - лицей” КММ - де “Ата - аналарды педагогикалық қолдау” жобасы аясында “Уақытты басқару және өзін - өзі ұйымдастыру” тақырыбында ата - аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста, 1.Ата - аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау. 2. Өткен 2023 - 2024 оқу жылына ата - аналар комитетінің төрайымы М.Ормаханованың есеп беруі. 3. Биылғы 2024 - 2025 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар. 4. Түрлі мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе төңірегінде ата - аналар комитетінің төрайымы М.Ормаханованың есебі тыңдалып, ата- аналар комитетінің жаңа құрамы сайланды. Түрлі мәселелер бойынша мектеп - лицей директоры Д.Амизов жыл жетістіктері және мектебімізден ашылған қосымша білім беру орталығын да, сабақ беретін пән мұғалімдерімен оқу орталығының жұмыс тәртібі және артықшылығымен таныстырды. Хабарландыру жасалған курстың өтілуін ата - аналар бір ауыздан қолдады.