09
декабрь
2024
1-қыркүйек «Білім күні»мерекесіне орай " Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара болып өтті
| #Bilim_quni, #Біртұтас _тәрбие# Түркістан облысы Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «Шаян» мектеп – лицей» КММ-де 2024-2025 оқу жылының «1қыркүйек - Білім күніне» арналған «Мектебім - мейірім мекені» тақырыбында салтанатты іс-шара болып өтті. Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Бүгінгі мерекелік іс – шараға балалар мен ата – аналарды және ұстаздарды Білім күнімен құттықтай келген қонақтарымыз, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Нұрлыбаев Нұржан Мәдірайұлы, Аудандық білім бөлімінің бас маманы Қалдыбаев Аян Асқарұлы, Ақбастау ауыл округінің әкімі Берікұлы Мейіржан, «Зейнеткер» газетінің бас редакторы «Әкелер мектебінің» төрағасы Серікбай Тұржан Дәулетбайұлы, Ардагер ұстаз, «Қамқоршылық кеңесі» төрағасы Атемов Ағабек Құрбанұлы, ата-аналар комитетінің төрайымы Ормаханова Мейрамкүл, ата – аналар комитетінің мүшесі «Алтынсарин» медалінің иегері Абубакирова Айсұлу және бірқатар ата-аналар. Келген қонақтар мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларына, биылғы түлектерге және мектеп ұжымына жүрек жарды құттықтауларын жеткізді. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу құрметі мектебіміздің үздік оқушылары 1 «А» Абзал Бекзат, Нұралықызы Нурила, 1 «Ә» Серікқызы Раяна, Сейітқұл Рамазан, 1 «Б» Берік Бақдаулет,Сайлау Айкөркем және 11 «А» Төлебай Ердаулет, Орынбасар Ақтоты, 11 «Ә» Мұханқызы Нұрай, Тұрар Нұрдина, 11 «Б» Темірхан Ринат, Бейбіт Дианаларға берілді. Жиын соңында келген қонақтар мен ата – аналар мектеп әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдірді. https://www.facebook.com/photo/?fbid=1227973695008085&set=pcb.1227974695007985&__cft__[0]=AZVwzwA2ivRzGSatAyn0i_Igi7igoZrQyukhlJ7UgRpEWmZtvWP5DsqWllOzXm_1bnmw-PN9qjDLwHRSS0t6fJhBoYqX-xQAjeTOawUpe7NY9nISeAZav9VpazBO11J7SZbiFD-P30hAtb1t2uv6EmIV2Pxt7NG7duKy0coMUtYtvg&__tn__=*bH-R |