«Ата-аналарды педагогикалық қолдау»
#Біртұтас_тәрбие #Атааналардыпедагогикалыққолдау 28.02.24ж күні Түркістан облысы Бәйдібек аудандық білім бөліміне қарасты «Шаян» мектеп-лицей КММ-де «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» отралығында 10-11 сынып ата-аналарына арналған кезекті «Күйзелістен шығар жол» тақырыбындағы тренингті білікті ұстаз, облыстық сынып жетекшілер байқауының жүлдегері Тұнғатова Ақайша өтті.
Тренингтің мақсаты: ата-ананың күйзеліске қарсы тұру және баласына да осындай көмек көрсету қабілетін қалыптастыру болды.
Тренинг барысында ата- аналармен күйзеліс және онымен қалай күресу керектігі туралы айтылып өтті. Негізгі бөлімде «Қарым-қатынас конверті» ширату ойыны ойнатылды.
Мақсаты: эмоционалдық кедергілерді жою, көңіл-күйді жұмыс атмосферасына бағыттау.
Әр қатысушы өз кезегінде жүргізушінің себетінен сұрақ жазылған парақшаны алып, оған жауап беріп,өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Күйзелістің оң және теріс тұстары» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылып, топқа бөлініп, өз көкейлеріндегі ойларымен бөлісіп топ спикертелі қорғады.
Сабақ соңында кері байланыс алынып ата-аналар: Сіз өзіңіздің және балаңыздың күйзелісінің себебін айқындай алатын болдыңыз ба?
Өмірде күйзелістің ресурстық күйін айқындау дағдысы қаншалықты маңызды екен? деген сұрақтарға жауап жазды.
Тренинг нәтижесінде ата-аналар баласын күйзеліске төзімділікке үйрету дағдысын, күйзелістің көріністері және одан шығу әдістерін, мінез-құлқын эмоционалдық реттеу және баланың күйзеліске төзімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен ата-аналардың өзара бірлесе әрекет ету жолдарын білгендері туралы шын көңілдерімен айтып, кері байланысқа да жазып, өз ризашылықтарын білдірді.
МДТІЖО Қожамжарова.Р.Сhttps://www.facebook.com/photo/?fbid=1119868025818653&set=pcb.1119868372485285&__cft__[0]=AZVwSXZkZuQtd7aj9M_dV-uVO2MO48IWO2scFp3JX1YEDUB3bDbAMAsBpCl29-oYmpECNl9v8F6McybA0z_y4bNET1hTv2jMY3_66rvGtkOMDghwNe4AbdOpqcRX5c0hRq2UlkM-XlQ4lp8JYOII29cdvlF8d2uOyFipKTiD9EYA9w&__tn__=*bH-R