Бала қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты алаңдаушылығы » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2026

Бала қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты алаңдаушылығы

Бала қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты алаңдаушылығы.

2026 жылғы 22 қаңтар күні «Шаян» мектеп-лицейінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы (АПҚО) аясында 8-сынып ата-аналарының қатысуымен мазмұнды әрі пайдалы тренинг сабағы өткізілді.

Тренинг барысында ата-аналар:

 арнайы сауалнама толтырып, бала тәрбиесіне қатысты өз көзқарастарын білдірді;

 ситуациялық сұрақтар арқылы нақты өмірлік жағдайларды талқылады;

 жасөспірім кезеңіндегі қауіпті және қауіпсіз мінез-құлық белгілерін ажырату жолдарын қарастырды.

Кездесудің басты мақсаты – ата-аналарға баланың қауіпсіздігі мен эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі өз рөлін терең түсіндіру, баламен ашық қарым-қатынас орнатудың, тыңдай білудің маңызын көрсету болды.

Тренингтің басты өзегі –

 баланы айыптамай тыңдай білу,

 түсіну мен қолдаудың маңызын сезіну,

 ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.      

 Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, «Баламды қалай қорғаймын?» деген сұраққа нақты жауаптар іздеді. Ашық пікір алмасу, ой бөлісу – кездесудің ең құнды тұсы болды. Талқылау барысында ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, балаға қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерімен бөлісті. Тренинг ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін пайдалы практикалық қорытындылар жасалды.

Осындай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, баланың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуына өз үлесін қосады.

#АПҚО    #АтаАнаҚолдауы      #БалаҚауіпсіздігі

#ШаянМектепЛицейі         #СенімдіҚарымҚатынас         #ТәрбиеліҰрпақ


                                                 https://www.facebook.com/share/p/ 1DQNGUo77H/?mibextid=wwXIfr