«Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі» тақырыбында тәрбиелік-танымдық тренинг
10.12.2025ж күні «Шаян» мектеп-лицейінде 8 "А" сынып жетекшісі М.Хожамуратова ата-аналармен өзара байланыс пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында «Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі» тақырыбында тәрбиелік-танымдық тренинг сабақ өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – бала дамуына ата-ананың ықпалын күшейту, отбасы мен мектеп арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың тәрбиелеу әдістерін жетілдіру. 🔹 Тренинг барысында: – «Танысу шеңбері» арқылы жылы атмосфера құрылды; – Психологиялық таңдау тапсырмасы арқылы ата-аналар өздерінің тұлғалық қасиеттерін айқындап, бала тәрбиесіндегі рөлін талдады; – Баламен қарым-қатынас, тәрбие, жағдаяттық жағдайларды шешу әдістері бойынша пікір алмасу өтті; – «Жанұя ойыны» сергіту сәтінде ата-аналар балаларын қалай жақсы білетінін сынап көрді; – «Ашығын айтсам» анкетасы арқылы олардың ұсыныстары мен ойлары жиналды. Бұл тренинг ата-аналар мен ұстаздардың өзара түсіністігін арттырып қана қоймай, баланың табысты дамуы үшін отбасы мен мектептің бірлесе әрекет етуінің маңызын көрсетті. Тренинг соңында қатысушылар бір-біріне ізгі тілек арнап, «Тілек шамы» арқылы шараны жылы эмоциямен аяқтады. Бала – ата-ананың жүрегіндегі алтын, болашақтың нұрлы шырағы. Жанымызда жүрген сол асылдарымыздың бақытты, тәрбиелі, саналы азамат болып өсуі – бәріміздің ортақ міндетіміз.
|

