«Өнеге отбасынан басталады» тақырыбына тренинг » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
февраль
2024

«Өнеге отбасынан басталады» тақырыбына тренинг

#Біртұтас_тәрбие

31.01.2024ж күні «Шаян» мектеп-лицей»КММ-де 10а,10әсынып оқушыларының қатысуымен «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбына тренинг болып өтті.Тренинг мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Тренинг мынандай кезеңдерден тұрды: 

1. «Танысу » жаттығуы.

2. Ой жинақтау

3. Бақытты отбасы » суретін салу және қорғау

5. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.

6. «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу.

7. Сауалнама «Бала тәрбиесі».

8. «Ашық айтсам..» 

9. Қорытынды.

Тренингке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Молдабекова,мектеп психологы А.Жуандықова , 10 сынып ата-аналары: Амангелдиева А, Тобажанов Ж,Әуелбеков Қ,Ақжолова А,Сәрсенбеков Қ

қатысты. Тренинг барысында ата-аналар түрлі цитуациялық сұрақтарға жауап берді.Балалар мен ата-аналар арасында түрлі қызықты сұрақ-жауаптар туындап,өз пікірлерін ортаға салды. Тренинг соңында Ашық айтсам бөлімінде ата-аналар балаларға деген жақсы тілек пікірлерін айтты.