21
апрель
2025
Бақытты отбасы
"Шаян" мектеп - лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бәйдібек аудандық білім бөлімінің 12.09.2023ж күнгі 1398 номерлі хатына сәйкес 18.09.2023 ж күні ата -анамен бала арасындағы қарым -қатынасты нығайту мақсатында " Бақытты отбасы" тақырыбында балаларымен ата -аналарға тренинг өткізілді. Отбасында жағымды психологиялық ахуал, жайлылық, жылулық орнататын ата -аналар, бала ата -ананың іс әрекетін қайталайтын нысан екендігі айтылды. Екі тарапқада "бақытты отбасы" сіздер үшін қандай деген сұраққа балалар өз ойларын, ата-аналар өз ойларын жеткізді. Мақсатымыз ата -ана үшін, бала үшін бақытты отбасы қандай екендігі, ойлары бір жерден түйіседіме, балаға ата -ана тарапынан не жетіспейді сол мәселені айқындау болатын . Ата аналар өздерінің жұмысбасты екендігін, балаға уақытты жеткіліксіз жұмсайтындығын түсіне келе көптеп көңіл бөлуіміз керек деген тұжырымға келді.

