30
март
2022
«Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел»
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектеп КММ-нің мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Р.Қожамжарова мен Н.Молдабекова және әлеуметтік педагог К.Әбішбековалардың ұйымдастыруымен «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет жүзеге асыратын шаралар туралы ақпараттандыру көп балалы аналармен, ата-аналар қауымдастықтарымен Zoom бағдарламасы арқылы кездесу ұйымдастырылды.Кездесу барысында міндетті оқу орнынан бөлінген қаражатты жетім, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасы, жан басына шаққандағы табыс күн көріс деңгейінен төмен отбасы балаларына, киім кешек пен оқу құралдары берілетіндігі туралы және тағы басқа қосымша берілетін көмектер ұйымдастырылып тұратындығы жөнінде ақпараттар берілді.