«Бала мінезіндегі қауіпті белгілер» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

«Бала мінезіндегі қауіпті белгілер»

Бәйдібек ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің №2348 хатына сәйкес  «Шаян» мектеп – лицей»  КММ-де     «Бала тәрбиесі ортақ міндет» тақырыбындағы онкүндік іс-жоспарына сай  18.12.2025 жылы күні    «Бала мінезіндегі қауіпті белгілер» тақырыбында ата  аналармен мектеп психологы А.Жуандықова тренинг сабақ өткізді.   Тренингтің негізгі мақсаты – ата-аналарға бала мінез-құлқындағы қауіпті белгілерді ерте анықтаудың маңызын түсіндіру, баламен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын көрсету және алдын алу шаралары туралы ақпарат беру.

Тренинг барысында бала мінезіндегі келесі қауіпті белгілерге ерекше назар аударылды:

– тұйықталу, өз-өзіне сенімсіздік;

– агрессивті мінез-құлық, ашуланшақтық;

– көңіл күйдің жиі өзгеруі;

– сабаққа қызығушылықтың төмендеуі;

– әлеуметтік ортадан оқшаулану;

– үрей, қорқыныш, депрессиялық белгілер.

Іс-шара интерактивті түрде өткізіліп, тренингтік жаттығулар, топтық талқылау, жағдаяттарды талдау әдістері қолданылды. Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты тәжірибелерімен алмасты.

Тренинг қорытындысында ата-аналарға балаға қолдау көрсету, ашық қарым-қатынас орнату, эмоциялық күйіне назар аудару және қажет жағдайда мамандарға жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар тренингтен пайдалы ақпарат алғандарын айтып, кері байланыс білдірді.


https://www.facebook.com/share/v/1KfRnLofva/?mibextid=wwXIfr