Ата-аналарға жасөспірім кезеңіндегі бала мінез-құлқындағы өзгерістерді түсіндіру
2026 жылғы 21 қаңтар күні 7 «А» сыныбының ата-аналарымен сынып жетекшісі Умирзакова Зарина «Бүгінгі жасөспірім: қауіптің белгілері және қорғану тәсілдері» тақырыбында педагогикалық қолдау тренинг сабағын ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты – ата-аналарға жасөспірім кезеңіндегі бала мінез-құлқындағы өзгерістерді түсіндіру, қауіп белгілерін дер кезінде байқау және балаға дұрыс қолдау көрсету жолдарын ұсыну. 🔹 Тренинг барысында ата-аналар топтық жұмыстарға қатысып, 🔹 жағдаяттық тапсырмалар орындады, 🔹 жасөспірімдерге төнетін қауіптер мен олардан қорғану тәсілдерін талқылады. «Ата-ананың әрекеті», «Қауіп белгілерін таны», «Қорғану алгоритмі» атты тапсырмалар арқылы ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, тиімді шешімдер ұсынды. ✨ Сабақ соңында ата-аналар балаға ең үлкен қорған – тыңдай білу, түсіну және қолдау көрсету екенін атап өтті. 🤝 Мұндай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесіндегі бірлескен жауапкершілікті арттырады. #АтаАналардыПедагогикалықҚолдау #7Асыныбы #ТәрбиеліҰрпақ #МектепАтаАнаБірлігі #ЖасөспірімТәрбиесі
![]() ![]() |

