«Магистрлер мектебінің» жылдық жоспар » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2026

«Магистрлер мектебінің» жылдық жоспар

«Шаян» мектеп-лицей» КММ жанынан құрылған «Магистрлер мектебінің» жылдық жоспарына сай биология ғылымдарының магистрі М. Хожамуратованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

           Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған заманауи әдістемелік тәсілдерді педагогтерге таныстыру, оларды тәжірибеде бірлесе қолдану арқылы тиімділігін анықтау, сондай-ақ кәсіби тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

        Дөңгелек үстелдің тақырыбы «Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған әдістемелік тәсілдер» болды. Кездесу барысында аналитикалық ойлау, салыстырмалы талдау, логикалық тізбек құру, «егер… онда…» әдісі, қателікті табу сияқты бірнеше әдіс-тәсілдер қатысқан ұстаздармен, жас мамандармен бірге тәжірибе жүзінде қолданылды. Әр әдістің сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы рөлі мен нәтижелілігі талқыланды.

Іс-шара аясында пәндер арасындағы өзара байланыс, логикалық тапсырмаларды деңгейлеп ұсыну, олимпиадалық бағыттағы тапсырмалар құрастыру жолдарына ерекше назар аударылды. Қатысушылар ұсынылған әдістердің оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін саралап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында ұстаздар қолданылған әдістер бойынша пікірлерін айтып, ұсыныс-пікірлер мен кері байланыс берді. Дөңгелек үстел педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық ізденісін дамытуға және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.


https://www.facebook.com/share/v/16tZDAuvGt/?mibextid=wwXIfr