Тілдер мерекесіне орай,Дөңгелек үстел
"Шаян" мектеп-лицей" КММ-де 9 қыркүйек 2024 жылы Қазақстан халықтарының тілдер мерекесінің іс-жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты:филология ғылымдарының докторы, академик Рабиға Сыздықова мен көрнекті түркітанушы Әбдуәли Қайдардың ғылыми мұрасын насихаттау.Дөңгелек үстел барысында А.Ергешова бірі ана тілінің абыз анасына айналған,енді бірі қазақ сөзін түлеткен қос академиктің өмірі мен ғылыми тағылымына,ана тілінің заңдылығын қалыптастырған қос тұлғаның өмірі мен ғылыми жәдігерлеріне шолу жасады.Санаулы ғұмырларын қазақ тілінің мәртебесін көтеруге арнаған қос абыздың өмірі мен ғылыми жәдігерлерін бейнероликтен көрсетіп,білім алушылармен пікір алмасты.Дөңгелек үстелде білім алушылар өздерін толғандырған сауалдар аясында пікірлерін білдіріп,ой бөлісті.Өздерін толғандырып жүрген сауалдарына тұшымды жауаптар алды.Ғылыми ізденіс пен тағылымға толы іс шара тартысты да тартымды өтті. |