20
февраль
2024
"Төрт тоқсан -төрт өнер "ұлттық мәдени ағартушылық жоба аясында дөңгелек үстел
"Шаян" мектеп- лицей " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім бөлімінің іс-шара жоспарына сай "Төрт тоқсан -төрт өнер "ұлттық мәдени ағартушылық жоба аясында 7- сынып оқушылар арасында "Қазақтың біртуар тұлғасы Д.А Конаев" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды және т.б. адами қасиеттерді игертуге ықпал ету. Дөңгелек үстел барысында оқушыларға тақырып аясында тапсырмалар беріліп, топтық жұмыс негізде талқыланды, ойындар ойнатылып, пікірлер алмасылды және болашаққа пайдалы ақпараттармен бөлісілді. Дөңгелек үстел соңында оқушылар іс-шара барысында алған әсерлерімен бөлісті. |