"Жырласа жастар жырласын" тақырыбында дөңгелек үстел
"Шаян" мектеп-лицей"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.01.2024ж күні 8-сынып оқушыларының қатысуымен "Жырласа жастар жырласын" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: - ата-бабалан мұра болып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, мәдени құндылықтарымызды жаңғырту. Міндеттері: - балалардың өнерлерін шыңдауға деген белсенділігін арттыру; - білім саласында эстетикалық талғамын, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру. Айтыс-бабаларымыздан мұраға қалған ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Қазақтың ерекше баға жетпес өнері. Тарих тұңғиығынан бері қазақты айтыссыз, айтысты қазақсыз елестету мүмкін емес. Төбемізге көтеретін төл өнеріміз. Осы киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, аға буын мен талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында бүгінгідей ақындар айтысын өткізу халқымыздың ежелгі үрдісі. Осы мақсатта мектебімізде ақындар айтысы, ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жатқа айту болып өтті. Дөңгелек үстел өз дәрежесінде өткізілді. |