«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жоба аясы
«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім бөлімінің іс-шара жоспарына сай «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жоба аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Тоққожаеваның ұйымдастыруымен «Біржан-Сара»айтысы атты тақырыпта 11 "б" сынып оқушылар арасында пікірсайыс өткізілді. Мақсаты: "Біржан-Сара"айтысының тақырыбы мен маңыздылығын түсіндіру. Міндеті: Айтыстың тарихи мәнін,көркемдік сипатын ұғындыру. Оқушылар тақырып аясында Біржан мен Сараның өмір тарихына тоқталды.Айтыстың құрылысы мен құндылығына талдау жасап,өзара пікір алмасып ой бөлісті. Пікірсайысқа қосымша білім беру педагогі Сатенова Зебо,үйірме жетекшілері:Г.Скендерова,Б.Жунісов,Н.Асанбаевтар қатысты. Пікірсайыста оқушылар "Біржан мен Сара"айтысының құрылысы мен мазмұны жағынан болсын,көркемдік жағынан болсын қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі екендігін тілге тиек етті. Бұл айтыстың сөздері анықтық,тазалық,дәлдік жағынан,көркемдік сұлулық жағынан да қазақ әдебиеті тарихынан ойып орын алатын айтыстардың бірі де бірегейі екендігін талдап,талқыға салды. "Біржан мен Сара" рөліне еніп екі оқушы айтыстан үзінді келтірді. Оқушылар өздері жасаған презентацияны қорғап,концептуалды кестемен жұмыс жасады. Бір-бірінен интервью-тест алып,Біржан мен Сараның өзіне тән ерекшеліктері,Сара, Біржан бейнелері арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің тақырыбында сауал қойып пікір алмасты. Пікірсайыс барысында екі топ: 1.Айтыстын жеңімпазы Біржан дегенге келісемін 2.Айтыстың жеңімпазы Біржан дегенге келіспеймін тақырыбында екі жақ (жақтаушы,даттаушы) пікір білдірді. Дебатта әр топ өз ойларын қорғап,пікірсайысты қорытындылады. Үйірме жетекшілері пікірсайыстың жоғары деңгейде өткендігін айтты. Қосымша білім беру педагогі Сатенова Зебо оң бағасын беріп,алғысын білдірді. |
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1114010236404432&set=pcb.1114011363070986&__cft__[0]=AZX4vfYIc_Ae8syTTAdsSXx6z6SY7_682ODTU9IOlHCkBUwjpKEYlx3B6qZbpneif_FaIistnkKUj4GeWMeQT4TsDMo7hry16sOsQ4yLphT6bmOg3c31FcCKskQHWuNaqZehXvQdArSUe1HMSOAVHu2E9ZkHfWKqz_yI1_bC8QXBeg&__tn__=*bH-R |