«Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жоба
«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім бөлімінің іс-шара жоспарына сай «Төрт тоқсан-төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жоба аясында 6 «б» сынып оқушылары арасында сынып жетекшісі П. Ағабекқызының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел-мұратым» атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: «Қазақстан-2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру . Міндеті: Оқушыларды Отанын сүюге,бірлікке,ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге үйрету. Ашық тәрбие сағаты барысында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді,тапсырмалар берілді. Оқушылар тақырып аясында ән-жырларын арнады,айтыс ұйымдастырды.Жаңа ақпараттармен хабардар болып,пікір алмасты,ой бөлісті. Ашық сабақ өз дәрежесінде өтті. |
https://www.facebook.com/photo/?fbid=1110527530086036&set=pcb.1110529306752525&__cft__[0]=AZVDFoXAJWztWzbFhG1jEzw6FFlREC9TQr8Ll-EDu8Wu5viCqh8bDp99Nd60t4YGpzc5CSBvx6AUVWBOxTykHThBzerq0mfmWQHes2lmoeUlt7wCNiToRcKSjcEtO8iCmRgbLuvdJK-0-z8P28XTgVTGWekqbWrNvBK9FPdXAUhfUA&__tn__=*bH-R |