«Болашақты болжаған кемел еңбек» дөңгелек үстел » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2022

«Болашақты болжаған кемел еңбек» дөңгелек үстел

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Шаян көпсалалы лицей-жалпы орта мектеп КММ-де «Болашақты болжаған кемел еңбек» дөңгелек үстелге 3 желтоқсан 2021 жылы 9-сынып оқушылары арасында тұңғыш президент күніне байланысты «Болашақты болжаған кемел еңбек» дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты: оқушыларды патриотизм мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу,саяси білімдерін шыңдау Дөңгелек үстелге директордың тәрбие -ісі жөніндегі орынбасары: Р.Қожамжарова,оқу-ісінің орынбасары:Д.Одаманова, 9 «А»сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы Шатырбаева М,9 «Ә» сыныбының ата-аналары: Бұрханбаева Ф,Кунанбаева С қатысып,өз пікірлерін ортаға салды.

Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы «Елбасы»бейнефильм арқылы көрсетілді. Дөңгелек үстел Елбасының

«... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидалармен бастау алды. Елбасының саясаттағы қадамдарынан мағлұматтар беріліп,оқушылар сауалдарына жауап беріп,өз пікірлерін,көкейлеріндегісауалдарын қойып пікір алмасты.

1.Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың өмірінің тарихи тізбегі туралы не білесіздер?

2.Н.Назарбаевтың тереңнен ойластырған қандай ұсыныстары дүниежүзі халықтарына мәлім болып, қызу қолдау тапты?

3.Елбасымыз Н.Назарбаевтың қандай ғылыми жұмыстары әлемнің елдерінде кеңінен қолдануға көптеген ие болды?

4.Н.Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар білесіздер ме?

Осы сауал төңірегінде ой өрбітті.

Қазақстандағы әрбір жылдардағы Елбасының жарлығымен қандай жыл аталғандығына жеке-жеке тоқталып,мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстарға талдау жасады.