«Металмен бейметалдық айырмашылығы неде " тақырыбында ашық сабақ өтті
11.12.2025 жылы биология пәнінің мұғалімі Амантай Арайлым 5 "Ә" сыныбына «Металмен бейметалдық айырмашылығы неде " тақырыбында ашық сабақ өтті Ашық сабақтың мақсаты: Заттарды ерігіштігіне байланысты металл және бейметалға бөлуді үйрену.Оқушыларға метал мен бейметал элементтерінің қасиеттерін таныстыра отырып, зертханалық жұмыс жүргізу арқылы олардың айырмашылықтары мен қолдану салаларын түсіндіру. Сабақ коммуникативті бағытта ұйымдастырылады, ойын, зертханалық жұмыс, жеке,жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылардың пәнге деген құзыреттіліктерін дамытуға бірлесе әрекет етуге жасанды интелектіні (ЖИ) қолдануға бағытталады. Сабақ барысында оқушылар салыстыру, бақылау, қорытынды шығару дағдыларын дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіреді.Сабақ белсенді оқыту әдістері арқылы ұйымдастырылып, оқушылар тәжірибе арқылы жаңа білімді меңгерді.
|