Present perfect and Past simple тақырыбында ашық сабақ
11.12.2025 жыл ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Құралбек Ақерке 8"А" сыныбына Present perfect and Past simple тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – оқушыларға Present Perfect Tense (Осы шақтың аяқталған түрі) пен Past Simple Tense (Өткен шақ) грамматикалық формаларының айырмашылығын түсіндіру, оларды сөйлем ішінде дұрыс қолдануға үйрету. Сабақ барысында оқушылар for және since шылауларының қай шақта қолданылатынын меңгеріп, өз ойларын ағылшын тілінде нақты әрі дұрыс жеткізуге дағдыланады. Сабақ коммуникативті бағытта ұйымдастырылады, ойын, диалог, жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталады. Оқушылар грамматикалық білімін тәжірибе арқылы бекітеді, салыстыру, талдау, сөйлем құрау, сұраққа жауап беру, мәтінмен жұмыс жасау арқылы белсенді оқуға тартылады.
|
