"Geographical features" тақырыпқа сай сөздік қорын молайту, еркін сөйлеуге, сөздің дұрыс дыбысталуын жетілдіру
«Шаян» мектеп-лице» КММ-де ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдеш Айжамал 7 "А" сыныбына жоспарлы ашық сабақ өтті. Жоспар бойынша тақырыбы: "Geographical features" тақырыпқа сай сөздік қорын молайту, еркін сөйлеуге, сөздің дұрыс дыбысталуын жетілдіру, Ойлау қабілетін дамыту, жазу, сөйлеу, оқу арқылы өз ойын еркін айтуды арттыру. Сабақтың мақсаты: 7.2.4.1 understand with limited support the main points of extended talk on a range of general and curricular topics жалпы және оқу бағдарламаларының ауқымы бойынша кеңейтілген баяндаманың негізгі ойларын шектеулі қолдаумен түсіну. Сабақта түрлі көрнекілік құралдар: АКТ, суреттер, жекелей және жұптық тапсырмалар қолданылып, сабақ соңында оқушылар KWL-chart қа кері байланыс жазып, стикермен постерге жапыстырды. Абдеш Айжамал сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана алды. Ағылшын тілі сабағы болғандықтан оқылым, тыңдалым, айтылым және жазылым дағдылары толық орындалды. Пән мұғалімі А.Абдеш сабақты өту барысында өз мақсатына жеткендігін айтып өтті. |