«Деструктивті мінез құлдықтың алдын алу» тақырыбында тренинг сабақ
«Шаян» мектеп -лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.01.2024 ж күні 9-10 сынып оқушыларымен «Құрметтеу өзіңнен басталады», «Деструктивті мінез құлдықтың алдын алу» тақырыбында тренинг сабақ өткізілді. Тренинг мақсаты: қазіргі қоғамда белең алып жатқан аутодеструктивті мінез -құлық пен деструктивті мінез -құлықты жасөспірімдер арасында кеңінен талқылап оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Тренинг сабақ арқылы аутодеструктивті мінез құлық өзіне бағытталған қауіп және деструктивті мінез құлық сыртқа бағытталған қауіп екендігін түсіндіре келе, барлық мәселенің шешімі бар, тек өмірде күресе білу керектігі ойындар арқылы жеткізілді. Оқушылар эмоция түрлері мен оны басқара білуді ойын арқылы меңгерді. Мимикалық ойындар арқылы өз эмоцияларын, сезімдерін, ішкі реніштерін шығара білді. Оқушылар тарапынан осындай ойын сабақтар жиі болса деген ой пікірлерін білдірді. |