«Аутодеструктивті мінез -құлық» туралы түсіндірме жұмыстары
«Шаян» мектеп -лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16.01.2024 ж күні 5-11 сынып жетекшілерімен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Н.Молдабекова мен Р.Қожамжарова және мектеп психологтары А.Жуандықова мен Н.Ауесхановалардың ұйымдастыруымен жиын болып өтті. Жиынның мақсаты: сынып жетекшілерге «Аутодеструктивті мінез -құлық» туралы және 2022 жылғы 25 тамыздағы №377 бұйрықтың негізінде педагог – психологтардың әрбір сынып жиынтығымен жұмыс жүргізу үшін сынып сағаттарын (жылына кемінде 4 сағат көлемінде) бөлуі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілердің сұранысы бойынша әрбір сыныптың проблемасына қарай психологиялық сабақтың тақырыптары беріліп, тәрбие сағатының сабақ кестесі түзілді. Педагог психологтар тарапынан әр аптаның дүйсенбісі күні тәрбие сағатында әр сыныппен (топпен) психологиялық дамытушылық сабақтар түзіліп, сынып жетекшілермен бірігіп жұмыстар жүргізу жоспарлануда. |