«ХХІ ғасыр оқушысы және оқу сауаттылығы: жаңа көзқарас» » Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Шаян" мектеп - лицей" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Түркістан облысы
Байдібек ауданы білім бөлімінің
"Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
июнь
2026

«ХХІ ғасыр оқушысы және оқу сауаттылығы: жаңа көзқарас»

#Түркістан_облысы_білім_беруді_дамыту_орталығы 

#Бәйдібек_ауданының_білім_бөлімі

#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы «Шаян» мектеп-лицей» КММ-де 22.04.2026 жыл, күні «Оқу сауаттылығынан оқушылардың мәтіндерді түсіну, талдау және бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар болып өтті.

Семинар қонақтары: Түркістан облысы ББДО әдіскері, облыс бойынша 17 ауданнан білім бөлімдерінің қазақ тілі кабинеттерінің әдіскерлері мен қазақ тілі пәні мұғалімдері және аудан мектептерінен бірқатар мұғалімдер.

Семинардың мақсаты: Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда мәтінді түсіну, талдау және бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді тапсырмалар жүйесін таныстыру, педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін арттыру және озық тәжірибелерді тарату.

Семинар үш бөлімнен ұйымдастырылды. 

Ұйымдастыру бөлімінде: Қонақтарды қарсы алу, концерттік бағдарлама, әдістемелік тәжірибелік алаң (Алаңда, мектеп диреторының оқу жөніндегі орынбасарлары Д.Одаманова, Н.Айтуаров, мектеп директорының бейінді жөніндегі орынбасары Р.Жамалбекова, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары Н.Молдабекова мен Р.Қожамжарова, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі Б.Джурабаевалар тақырыптық жобаларын көпшілікке таныстырып, жеткен жетістіктерімен бөлісті.)

 Семинардың ашылу салтанаты: Мектеп-лицей директоры Амизов Дәулетхан Жылхайдарович семинарды ашып, семинардың өзектілігіне тоқталып, қазіргі білім беру жүйесінде оқу сауаттылығын қалыптастырудың маңызды екенін айтты. 

Бәйдібек аудандық білім бөлімінің әдіскері Рысбекова Толқын Медетқызы «PISA форматындағы тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру» тақырыбында баяндама оқып, білім алушылардың оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістемелік жұмыстардың мазмұнына тоқталып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда тәжірибелік семинарлардың рөлі жоғары екенін жеткізді.

Семинардың негізгі бөлімі:

Негізгі бөлімде: Ергешова Айнұр Темирбековна  «ХХІ ғасыр оқушысы және оқу сауаттылығы: жаңа көзқарас» тақырыбында келген қонақтармен ашық алаң өткізді. «Оқу сауаттылығын қалыптастыру: оқу дағдылары, мәтін іріктеу, тапсырма және күрделілік деңгейі» тақырыбындағы тәжірибелік сабақты Теректі ЖББМ мұғалімі Асанқызы Сәуле оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдарын тәжірибелік тұрғыда көрсетті. Ағабекқызы Перне «Жүніс Сахиев «Айдағы жасырын бақ» тақырыбындағы сабақтағы зерттеу     сабағының қорытынды сабағын өткізіп, оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Ақтас  ЖББМ мұғалімі Борсыкбаева Айшахар Тулебековна «Сұрақтарды түрлендіру-оқу сауаттылығын  арттырудың     тиімді әдісі» тақырыбында қонақтармен өткен шебер сыныбында заманауи  әдіс-тәсілдердің тиімділігін жеткізді. Ө.Жолдасбеков атындағы ЖББМ мұғалімі Оралбек Әдемі Айбекқызы «Арманда ұлым! Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілері» тақырыбында, Қуанышбек Өтемісұлы атындағы ЖББМ мұғалімі, Алтынсарин медалінің иегері Махашева Гүлстан Айтходжаевна «Астана опера театры» тақырыбында, Тоққожаева Ақбөпе Рысбековна «Абайдың ақындық мектебі» тақырыбында, Нұржанова Арайлым Мырзакеримовна «Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» тақырыбында жаңа сабақтарын жоғары дәрежеде өтті. Өткізілген сабақтар мен іс-шаралар барысында саралап оқыту, критериалды бағалау, белсенді оқыту әдістері, цифрлық ресурстар тиімді қолданылғаны байқалды.

Семинардың қорытынды бөлімі: 

 Семинар қатысушылары өз пікірлерін білдіріп, қорғалған тақырыптық жобалар, өткізілген сабақтардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі, оқытудағы жаңашыл тәсілдерді тиімді қолдануы     және оқушылардың белсенділігі ерекше бағалады.

Кері байланыс барысында қатысушылар:

тәжірибелік сабақтардың мазмұндық жағынан құнды болғанын; 

оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жүйесінің тиімділігін; 

әдістемелік қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

МДТЖО, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі Қожамжарова Рахат Сейдахметқызы.



https://www.facebook.com/share/

v/1EeB67aFN5/?mibextid=wwXIfr