Магитрлер мектебінің» жылдық жоспары
«Шаян» мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Магитрлер мектебінің» жылдық жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,магистр А.Ергешова «Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған әдістер» тақырыбында шебер сабақ өтті. ✍🏻 Мақсаты: Педагогтарға оқушылардың ақпаратты сыни бағалау, мәселелерді талдау және аргументті шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға арналған нақты әдіс-тәсілдерді меңгерту. 🎯 Өзектілігі: Сыни ойлауды дамытудың өзектілігі XXI ғасырдың үш негізгі өмірлік саласымен тікелей байланысты: Жаңа білімді тез игеру, күрделі проблемаларға креативті және жүйелі шешімдер ұсыну . 📝 Шебер сабақтың мазмұны: Педагогтарға сыни ойлауды дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін (maid map) меңгерту және оларды сабақ процесінде қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалармен жұмыс жүргізілді Шебер сынып барысында сыни ойлаудың негізгі 4 компонентін (талдау, бағалау, аргументтеу, интерпретация)арналған тапсырмалар құрастыру талқыланды. Оның заманауи өзектілігін (ақпараттық ағын, AI дәуірі) қысқаша баяндап,талдады. 🔍 Нәтижесі: Педагогтардан алған әдістерді өз пәндеріне қалай интеграциялайтыны туралы әдіс алмасты Педагогтардың жұмысына кері байланыс беріліп отырды. Әр қатысушыдан шебер сыныптан алған бір жаңа идеяны немесе өзінің сыни ойлауындағы өзгерісті бір сөзбен немесе бір сөйлем арқылы қорытындылады.Рефлексия жасады. 🎤 Қорытынды: Сыни ойлауды дамыту – бұл тек білім берудің сапасын арттыру ғана емес, болашаққа дайындық. Бұл шебер сыныптың құрылымы теорияны меңгеруден басталып, оны нақты практикалық тапсырмалар арқылы бекітіп, соңында сабаққа интеграциялау жолдарын қарастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталды.
![]() |
