2 сәуірі – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні
2024 жылдың 2 сәуірі – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай, инклюзивті білім беруді дамыту және қоғамда аутизм спектріндегі балалар туралы түсінікті арттыру мақсатында "Шаян" мектеп-лицей" КММ-де "Инклюзивті білім беруді қолдау" орталығының мамандары білім алушылармен танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – аутизм туралы қоғамның хабардарлығын арттыру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау мәдениетін қалыптастыру, ата-аналар мен педагогтардың ақпараттану деңгейін көтеру болып табылады. Шара барысында мамандар аутизмнің ерекшеліктері, ерте диагностика, оңалту және қолдау жолдары туралы ақпараттық баяндама жасап, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылар үшін арнайы дамытушылық ойындар, сенсорлық тапсырмалар және шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Іс-шараға педагогтер, ата-аналар және орталықтың қызмет алушылары қатысты. Қатысушылар аутизмі бар балаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарын білдірді. Шара өз мақсатына жетіп, қоғамда аутизм туралы түсінікті кеңейтуге, балаларға деген қолдау мен қамқорлықты арттыруға ықпал етті
|
