«Инклюзивті білім беруді» қолдау орталығының мамандары ата-аналарды ақпараттандыру және қолдау мақсатында арнайы консультациялар ұйымдастырды.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық балаларға, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, тең білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйе. «Шаян» мектеплицей» КММ-де ашылған «Инклюзивті білім беруді» қолдау орталығының мамандары ата-аналарды ақпараттандыру және қолдау мақсатында арнайы консультациялар ұйымдастырды. Ата-аналарға арналған консультациялар – бұл педагогтар, психологтар және басқа да мамандар тарапынан ата-аналарға баланың дамуы, оқуы, тәрбиесі және әлеуметтік бейімделуі бойынша бағыт-бағдар беретін маңызды жұмыс түрі. Консультацияларды ұйымдастырудың мақсаты: Ата-аналарды инклюзивті білім беру жүйесінің мәні мен маңызымен таныстыру Баланың жеке ерекшеліктерін түсінуге көмектесу Үй жағдайында қолдау көрсету жолдарын үйрету Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Негізгі міндеттері: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары туралы ақпарат беру Психологиялық-педагогикалық қолдау түрлерімен таныстыру Қиындықтарды бірлесе шешу жолдарын қарастыру Ата-аналардың сұрақтарына жауап беру және кеңес беру Күтілетін нәтиже: Ата-аналардың инклюзивті білім беру туралы білім деңгейі артады Баламен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады Ата-ана мен мұғалім арасындағы сенімді қарым-қатынас орнайды Баланың дамуына қолайлы орта құрылады Қорытындылай келе, ата-аналарға арналған консультациялар инклюзивті білім берудің тиімді жүзеге асуына ықпал ететін маңызды құрал болып табылады.
|
