«Инклюзивті білім беруді қолдау» орталығының мамандары ата-аналар жиналысын өткізді
“Шаян” мектеп-лицей “ КММ-де 23.01.2026 ж күні «Инклюзивті білім беруді қолдау» орталығының мамандары ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыста мектеп-лицей директоры Д.Амизов, оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Айтуаров сөз алып, мектеп жанынынан ашылған орталыққа қысқаша тоқталып өтті. Орталық меңгерушісі А.Нұржанова орталықтың мамандарымен, жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Әдіскер М.Жуматаева орталықтың мақсат, міндеттерімен, оқу бағдарламасымен және алдағы жоспарлармен таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Орталықта 1 арнайы педагог, 1 логопед, 5 педагог-ассистент жұмыс жасайды. Мамандар ата-аналармен танысып, әр балаға мінездеме беріп өтті. Вильямс және Шеленбергер пирамидасындағы орталық жүйке жүйесінің дамуы бойынша ақпарат берілді. Дефектолог, логопедтің көмегін қажет ететін балаларға осы орталықта жұмыс жүргізілетінін түсіндіріп, кабинеттегі қолданылатын көмекші құралдардың қызметімен таныстырды. Сонымен қатар логопед, арнайы педагог мамандар сабаққа қатысу барысында сөйлеу тілінде, оқу –жазуында,зейінінде тежелуі бар балаларды анықтап, ата- аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс барысында орталықтың жұмысы жайлы видеоролик көрсетілді және түрлі танымдық сабақтар, нейро жаттығулар көрсетілді. Ата- аналарды оқушылардың сабақ кестесімен таныстырып, уақытылы келуі сұралды. Ата-аналар балаларының осы орталық ашылғалы балалармен жұмыс жақсы жасалып жатқандығын, балаларындағы өзгерістер туралы айтып, жұмыс жасап жатқан мамандарға алғыстарын білдірді. Балалардың сыныбындағы оқушылармен қарым-қатынасы, оқуындағы ілгерушіліктері туралы қуана айтты. Алдағы уақытта үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізді. Оқушыға жеке педагогикалық қолдау көрсету үшін, ата-ананың келісімі яғни келісім парағына қол қою ұсынылды. Жиналыс соңында, ата-аналарға орталықпен үнемі байланыста болып, баланың жай-күйі туралы хабар алмасып тұруы міндеттелді.
![]() ![]() |

