1 наурызы күні «Инклюзивті білім беруді қолдау» орталығының білім алушылары Алғыс айту күніне орай тәрбиелік әрі танымдық іс-шара өткізді.
2026 жылдың 1 наурызы күні «Инклюзивті білім беруді қолдау» орталығының білім алушылары Алғыс айту күніне орай тәрбиелік әрі танымдық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың бойында мейірімділік, сыйластық, достық, ризашылық сезімдерін қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы ынтымақ пен бірліктің маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында: - Білім алушылар «Алғыс» тақырыбында дайындалған шағын көріністерді ұсынды; - «Ризашылық жүректен басталады» атты шығармашылық бұрыш ұйымдастырылып, балалар өз алғыс тілектерін жазып орналастырды; -Алғыс айту күніне арналған бейнематериалдар көрсетілді; -Білім алушылар ұстаздарына, ата-аналарына, достарына арнап алғыс хаттар мен жылы лебіздерін жеткізді. Шараға орталықтың педагогтері, логопед және дефектолог мамандар, сондай-ақ ата-аналар қауымы қатысып, балалардың белсенділігі мен шығармашылығына жоғары баға берді. Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті.
|
