06
май
2026
«Алғыс – ізгілік бастауы» тақырыбында мектеп психологтары тренинг өткізді
"Шаян" мектеп-лицей" КММ-де 1- наурыз "Алғыс айту" күніне орай мектебімізде мұғалімдер арасында «Алғыс – ізгілік бастауы» тақырыбында мектеп психологтары тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты – ұстаздар қауымының бір-біріне деген ризашылығын арттыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және ұжымдық бірлікті нығайту болды.Шара барысында мұғалімдер көтеріңкі көңіл күйде болып, өзара сыйластық пен қолдаудың маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді. Тренинг өз мақсатына жетіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.
![]() |
